Стратегиялық дамыту

QAZTECH VENTURES 2019-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының даму стратегияларын әзірлеу, келісу, бекіту, мониторингтеу және өзектендіру қағидаларына сәйкес әзірленді (Холдинг Басқармасының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі №38/18 шешімі) және Директорлар кеңесінің 2019 жылғы 14 мамырдағы шешімімен бекітілді (№7 хаттама).

ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

ВЕНЧУРЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР НАРЫҒЫН ДАМЫТУ

Мақсаты
  • Технологиялық бизнес үшін венчурлік инвестициялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету
Міндеттері
  • Венчурлік қаржыландыру үшін нормативтік базаны жетілдіруге жәрдемдесу
  • Венчурлік қорларды құру және дамыту
  • Үздік тәжірибелерді енгізу және венчурлік нарықты талдау

БИЗНЕС-ИНКУБАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

Мақсаты
  • Коммерциялық тартымды технологиялық компаниялар мен жобалар құруды ынталандыру
Міндеттері
  • Жеке бизнес-инкубаторларды дамытуға ықпал ету
  • Бизнес-инкубациялау шеңберінде гранттар беру үдерістерін сүйемелдеу
  • Білім беру бағдарламаларын іске асыру және кәсіпкерлікті танымал ету

САРАПТАМАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ

Мақсаты
  • Технологиялық құзыреттілікті арттыру
Міндеттері
  • Жобаларға технологиялық сараптама жүргізу
  • Кәсіпорындардың технологиялық құзыреттерін дамыту бойынша қызметтер көрсету
  • Кәсіпорынның технологиялық қайта жарақтандыруға дайындығын зерттеу бойынша қызметтер көрсету
  • Жоба шығындарының мониторингі және басқару бойынша қызметтер көрсету

ҚОҒАМДЫ
2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІН
ДАМЫТУ
СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН БАРЫНША ДӘЛ КӨРСЕТЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ 7 НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШІ КӨЗДЕЛГЕН

  1. венчурлік қорларға сыртқы инвестициялар тарту;

  2. құрылған венчурлік қорлар саны (өспелі);

  3. «Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бизнес-инкубаторларға қолдау көрсету (жыл сайын);

  4. қаржыландыруды алған бизнес-инкубаторлар жобаларының үлесі (РБ-дан қаражат бөлінген жағдайда);

  5. технологиялық сараптама қызметтері көрсетілген компаниялар/жобалар саны;

  6. бизнес-инкубациялау шеңберінде мемлекеттік гранттар алған, олар бойынша сараптамалардың оң қорытындылары (құқықтық, қаржылық, технологиялық) берілген аяқталған жобалардың үлесі;

  7. ROA оң мәні.


СТРАТЕГИЯ РАЗВИТИЯ QTV на 2019-2023гг с изменениями от 24.10.2019
  • Өлшемі: 841.5 КБ
План мероприятий по реализации Стратегии развития на 2020 г.
  • Өлшемі: 251.8 КБ