Тұрақты даму

ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Қоғам бизнес пен Қоғам мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін өз қызметінің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін үйлесімді басқаруға ұмтылады.

ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ
ДАМУЫ

Бұл - Қоғам өз қызметін жүзеге асыру кезінде басшылыққа алатын қағидаттар мен міндеттемелердің жиынтығы, атап айтқанда:
  • мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастарды басқару;
  • ұлттық экономикаға, әлеуметтік салаға және экологияға әсерін бағалау және басқару.

Қоғам өз қызметі шеңберінде Қоғамның Корпоративтік басқару кодексінде бекітілген тұрақты дамудың мынадай қағидаттарын басшылыққа алады: ашықтық, есептілік, айқындық, әдептілік мінез-құлық, мүдделі тараптардың мүдделерін сақтау, заңдылық, адам құқықтарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, мүдделер қақтығысына жол бермеу.

Қоғам сондай-ақ өз қызметінде БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын ұстанатыны туралы мәлімдейді:

1) адам құқықтарын қорғау саласында:
  • Қоғам халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді және құрметтейді;
  • Қоғам адам құқықтарын бұзуға қатыспауды қамтамасыз етеді.
2) еңбек қатынастары саласында:
  • Қоғам ұжымдық шарттар жасасу құқығын қолдайды және мойындайды;
  • Қоғам мәжбүрлі және балалар еңбегін, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюға ықпал етеді.
3) қоршаған ортаны қорғау саласында:
  • Қоғам сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге көзқарасты қолдайды;
  • Қоғам қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдайды;
  • Қоғам экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдеседі.
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында:
  • Қоғам сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына және қорқытып алушылық пен парақорлықты қоса алғанда, басқа да құқыққа қарсы әрекеттерге төзбеушілік туралы мәлімдейді.

ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЯСАТЫ
ҚОҒАМНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
4 НЕГІЗГІ БАҒЫТЫН АЙҚЫНДАЙДЫ.


ҚЫЗМЕТ БАҒЫТЫ

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНА ЖӘРДЕМДЕСУ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАС
  • Қоғамның миссиясы венчурлік қаржыландыру, бизнес-инкубациялау және сараптамалық-технологиялық сүйемелдеу құралдары арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
  • Қоғам Қазақстан Республикасы Үкіметінің даму институттарының бірі ретінде ИИДМБ, «Цифрлық Қазақстан» жобаларын іске асыруға қатысады.
  • Қоғам инвесторлар үшін қаржылық емес ақпаратты ашудың маңыздылығын ұғына отырып, инвестицияларды тарту және қаржы құралдарын ішкі және сыртқы нарықтарда танымал ету бойынша белсенді жұмыс жүргізеді.
  • Қоғам экологиялық және әлеуметтік мәселелерде, сондай-ақ жауапты инвестициялау практикасын дамыту мақсатында Қоғамның қаржылық қолдауына ие болатын жобалар шеңберінде корпоративтік басқару мәселелерінде (ESG факторлары) озық халықаралық практиканы ұстанады.

ӨЗ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН БАСҚАРУ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАС
  • Қоғам қоршаған ортаға қолайсыз әсердің алдын алуды ең жақсы түрде қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдаланудың қағидаттары мен әдістерін қолданады.
  • Қоғам өз қызметінде ресурстарды артық тұтынуды қысқартуға және энергия тиімді технологияларды енгізу, су тұтынуды азайту, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу және екіжақты басып шығару практикасы есебінен кеңсе мұқтаждары үшін қағаздың жұмсалуын азайту арқылы қолданыстағы теріс экологиялық әсерді азайтуға ұмтылады.
  • Қоғам «жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізу мүмкіндігін қарастыруда, оның маңызды құрамдас бөлігі қызметкерлердің экологиялық сана деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық науқан болып табылады.

ЖАУАПТЫ ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАМДАС
  • Қоғам тең мүмкіндіктер беру қағидатын басшылыққа алады және жұмысқа жалдау, еңбекақы төлеу, оқуға рұқсат беру, лауазымын жоғарылату, жұмыстан шығару кезінде жынысы, нәсілі, тілі, діни, саяси және басқа да сенімдері, азаматтығы, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, шектеулі мүмкіндіктері сияқты негіздер бойынша өз қызметкерлерін кемсітуге жол бермейді.
  • Кәсіби кадрларды одан әрі дамыту және ілгерілету мақсатында Қоғам Жалғыз акционердің интеграцияланған бірыңғай кадр резервіне талаптарға сәйкес келетін үздік қызметкерлерді қосады.
  • Қоғамда қазіргі заманғы технологиялар мен ақпаратты басқару жүйелерін қолдана отырып, персоналды тұрақты оқыту және дамыту жүйесі жұмыс істейді.
  • Қоғам оқытудың озық нысандарын - сарапшылармен бизнес-таңғы ас, оқыту тағылымдамалары, коучинг, кейстер, ми шабуылдары және т.б. пайдаланады.

ЖАУАПТЫ ІСКЕРЛІК ТӘЖІРИБЕ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРАМДАС
  • Қоғам сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен тәжірибені енгізеді және қолдайды.
  • Қоғамның барлық деңгейдегі басшылары өздерінің бағынысты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін көрсетеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың енгізілуіне бейілділікті, көтермелеуді және қадағалауды көрсетеді.
  • Қоғам өзінің лауазымды тұлғаларының, қызметкерлерінің, контрагенттерінің сыбайлас жемқорлық және оған қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттырады.
  • Қоғамда қызметкерлерді сыбайлас жемқорлықты жою бойынша оқыту тұрақты негізде жүргізіледі.

Қоғамда тұрақты дамуды басқару Қоғам қызметін басқарудың жалпы жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады және оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Қоғамның лауазымды тұлғалары қызметті жүргізу және міндеттерді орындау кезінде тұрақты даму қағидаттарына бейілділікті сақтайды және барлық қызметкерлердің тартылуына ықпал етеді.


МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ

Тұрақты дамудың табысты әрі тиімді саясатын жүргізу үшін Қоғам барлық мүдделі тараптармен тиімді және теңгерімді қатынастар орнатуға үлкен мән береді.

Қоғамның бекітілген Стейкхолдерлер картасы негізгі мүдделі тараптардың тізбесін және олардың ықпал ету дәрежесін айқындайды. Карта әрбір стейкхолдермен жұмыс істеудің ақылға қонымды стратегиясын құру үшін Қоғам ортасы туралы ақпаратты жүйелендіруге және визуалдауға мүмкіндік береді. Стейкхолдерлерді айқындау және олармен жұмыс істеу бизнестің іскерлік беделін арттыруға, компанияны капиталдандыруға, барлық мүдделі тұлғалармен тиімді және теңгерімді қатынастар орнатуға мүмкіндік беретін құралдардың бірі болып табылады.

Мүдделі тараптардың маңыздылығын бағалау кезінде Қоғам мүдделі тараптарды екі фактор бойынша саралайды: стейкхолдердің қолдау/қарсы іс-қимыл дәрежесі, оның Қоғамға ықпал ету күшін бағалау. Мүдделі тараптардың маңыздылығын алынған бағалау негізінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қызметтің ерекшелігіне қарай мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл бағыттарын айқындайды.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі нысандары: бірлескен бағдарламалар мен жобалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар, бірлескен жұмыс топтары, қызмет туралы есептілік, кездесулер, кеңестер, жарияланымдар, сұхбаттар және т. б. болып табылады.

Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары: стратегиялық жоспарлау, қаржылық қызмет, жобаларды басқару, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізу, заң шығару, операциялық қызмет, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл.

Қоғам жыл сайын стейкхолдерлердің, оның ішінде тұрақты даму мәселелеріне мүдделілік дәрежесін айқындау мақсатында негізгі стейкхолдерлерге сауалнама нысандарын жібереді.

Қоғамның мүдделі тараптармен өзара іс-қимылын ұйымдастыру үдерісі мүдделі тараптардың мүдделерін Қоғам қызметін басқару үдерісінің барлық сатыларында ескеруді және мүдделі тараптарды маңызды тақырыптар мен маңызды мәселелерді, ықтимал тәуекелдер мен жауапкершілік шекараларын талқылауға тартуды білдіретін тарту қағидатына негізделген.

Өз кезегінде, тарту келесі үш қағиданы сақтай отырып жүзеге асырылады:

  1. маңыздылық. Қоғам өзінің мүдделі тараптарын нақты айқындайды және мүдделі тараптардың қандай мүдделері маңызды болып табылатынын түсінеді.

  2. толықтық. Өз қызметі барысында Қоғам мүдделі тараптардың алаңдаушылығына назар аударады, атап айтқанда, олардың көзқарастарын, қажеттіліктері мен күтілетін нәтижелерін, сондай-ақ маңызды мәселелер бойынша пікірлерді түсінеді.

  3. ден қою. Қоғам мүдделі тараптардың барлық маңызды мәселелеріне дәйекті түрде ден қояды.

Қоғам мүдделі тараптармен өзара қарым-қатынастарды басқаруды ұйымдастыру мақсатында өз қызметін мынадай негізгі қағидаттарға шоғырландырады:

  1. барлық мүдделі тараптардың мүдделерін құрметтейді және ескереді;

  2. нысаналы аудиторияларды өз қызметі туралы белсенді хабардар етуге ұмтылады;

  3. мемлекеттік бағдарламаларды, жекелеген ішкі рәсімдерді (сатып алулар, жұмысқа қабылдау, қаржылық және қаржылық емес қызметтер көрсету бойынша сыртқы кандидаттар арасында конкурстық іріктеу) іске асыру, сондай-ақ қаржы қаражатын пайдалану бөлігінде объективтілікті, анықтықты, тәуелсіздікті және ақпараттық ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;

  4. барлық мүдделі тараптармен ашық және нәтижелі ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

  5. мүдделі тараптар алдында өзіне алған міндеттемелерді орындайды;

  6. мүдделі тараптардан тұрақты негізде кері байланыс алады.


БРЕНДИНГ, ИННОВАЦИЯЛАР, ӨНІМ БЕРУШІЛЕРМЕН ЖӘНЕ КЛИЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ АШУ

Қоғам брендінің танымалдығын арттыру және қызметін жариялау аясында әлеуметтік желілерде (https://www.facebook.com/qaztech.vc/, https://www.instagram.com/qaztech.vc/, https://www.youtube.com/user/NATDKZ, https://t.me/qaztech_bot) және веб-сайтта (https://qaztech.vc) тұрақты негізде компания жаңалықтарын және баспасөз парақшаларын жариялау жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, брендті жылжыту және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, венчурлік қаржыландыру және бизнес-инкубациялау мақсатында «BeUnicorn», «ЅиссеѕsОрта», «Венчурлік капитал нарығына шолу» айдары бойынша материалдар жарияланды.

«QazTech Ventures» брендінің танымалдылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде жергілікті және халықаралық аренада қоғам «Q-Persona» жобаларын – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры, венчурлық инвестор, Мұрат Абдрахманов - венчурлық инвестор, Chocofamily холдингінің негізін қалаушы Рамиль Мухоряпов, Nommi компаниясының негізін қалаушы Алена Ткаченко, «Business soz» – кәсіпкерге арналған сөздік сияқты венчурлық қаржыландыру және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы сарапшылармен сұхбат сериясын іске қосты. Қараулардың жалпы саны - 250 мың қарау.

Сондай-ақ, Қоғам 2019 жылы имидждік жобаларды іске асырды. Брендті ілгерілету үшін Қоғам Қазақстанның стартаптары туралы жаңа жобаны іске қосты. Осы жоба аясында «Бәйтерек» БО-да жарнамалық стенд орнатылып, веб-парақ іске қосылды. Жоба Қазақстанның стартаптарына қосымша ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ технологиялық кәсіпкерлікті дамыту саласында пікір көшбасшысы ретінде Қоғамның имиджін нығайту үшін құрылған.

Бұдан басқа, бейнероликтер жасалып, орналастырылды: имидждік бейнеролик, «Ал сен бұрын қайда болдың?», «Business soz» бейнероликтер топтамасы, әлеуметтік желілерге арналған веб-баннерлер, инфографика. Имидждік контентті ілгерілету үшін digital marketing құралдары, атап айтқанда, әлеуметтік желілердегі мақсатты ақпарат, Google және Яндекстегі контекстік және іздеу жарнамасы пайдаланылды.

Сараптамалық-техникалық сүйемелдеу саласында көрсетілетін қызметтер туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында

6 бейнеролик жазылды.

Үздік практикаларды енгізу жөніндегі қызмет шеңберінде венчурлік қаржыландыру және технологиялық кәсіпкерлік бойынша құзыреттерді дамыту саласында, оның ішінде 12 шетелдік сарапшыны тарта отырып, іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді.

Мәселен, 2019 жылғы 16 мамырда Астана экономикалық форумы шеңберінде «Венчурлік капиталды дамытудағы мемлекеттің рөлі» және «Индустрия 4.0 және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі» атты 2 панельдік сессия өткізілді, қатысушылардың жалпы саны - шамамен 400 адам;

Digital Bridge IT-индустриясы өкілдеріне арналған диалогтық платформа шеңберінде 2019 жылғы 25 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылған «QTV SESSIONS» форумы өтті.

«QTV Sessions» форумы аясында венчурлық қаржыландыру, бизнес инкубациялау және технологиялық кәсіпкерлік бойынша 9 тақырыптық шеберлік сыныбы ұйымдастырылды. Іс-шара 350-ден астам қатысушыны жинады және мазмұнды пікірталастың бірегей халықаралық алаңына айналды, онда сарапшылар венчурлік қаржыландыру нарығын дамытудың негізгі мәселелерін; жаңа жоғары технологиялық стартаптардың капиталына ұзақ мерзімді жоғары тәуекелді инвестицияларды; жаһандық технологиялық трендтерді; бизнес-инкубациялау жүйесін дамытуды; корпоративтік инновацияларды енгізуді және т.б. талқылады.

Сонымен қатар, құзыреттілікті дамытуға және бизнес-инкубациялау және технологиялық кәсіпкерлік саласындағы қызметті танымал етуге бағытталған 4 шеберлік сыныбы өткізілді:

  • 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорымен бірлесіп, Жаһандық инновациялық саммит аясында шетелдік сарапшыларды тарта отырып, шеюерлік сыныбы;

  • Қазақстан Республикасының жетекші бизнес инкубаторларын тарта отырып, шеберлік сыныптары 13 қыркүйекте Орал, 20 қыркүйекте Қарағанды, 26 қыркүйекте Шымкент қалаларында өтеді.

2019 жылғы 17 қыркүйекте технологиялық брокерлікті дамыту шеңберінде іс-шара ұйымдастырылды, оған «Baiterek Development» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ өкілдері, сондай-ақ бизнес-инкубаторлардың резиденттері қатысты;

2019 жылғы 29 қараша-1 желтоқсанға аралығында Алматы қаласында «SmArt.Point» бизнес-инкубаторы алаңында Baiterek Hackathon өтті. Іс-шараны «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «QazTech Ventures» АҚ және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (бұдан әрі - ҚТҚЖБ) ұйымдастырды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қаржы холдингі ретінде хакатон өткізудің бастамашысы болды, ол, бір жағынан, Холдинг тобына инновацияларды енгізуді ынталандыруға бағытталды, екінші жағынан, жас әзірлеушілер мен стартаперлерге банктің барлық бөлімшелері арасында кросс-ынтымақтастықты ілгерілету бойынша корпоративтік сектордың қажеттіліктері мен проблемаларын түсінуге мүмкіндік берді. Хакатон қатысушылары ұсынған Fintech шешімдері ҚТҚЖБ-ның бірнеше департаменттері мен бағыттарының жұмысын оңтайландыруға көмектеседі.

Анықтама түрінде:

Алаң екі жүз елуден астам жас IT-мамандарын, Қазақстанның түрлі қалаларынан қазақстандық техникалық жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерін жинады. Үш күн бойы қатысушылар банктік клиенттік сервисті жақсарту үшін өздерінің бірегей өнімін жасады. Барлығы 58 команда құрылды, олардың 12-сі финалға өтіп, ҚТҚЖБ-мен ынтымақтасуға мүмкіндік алды.

Baiterek Hackathon тәлімгерлері - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы АТ-кеңесінің төрағасы Рашид Дүйсембаев, кәсіпкер, Okauto, Biometric.kz негізін қалаушы Әлібек Наримбай, Максим Барышев - «Учет» холдингінің иесі, Benjamin Wong - Transwap басшысы және ортақ құрылтайшыларының бірі, Tianyao Liu - Xfers бизнесті дамыту бөлімінің ортақ құрылтайшысы және басшысы. Олар хакатонның үш күні бойына қатысушыларға жобаларды құруға көмектесті. Сондай-ақ, Benjamin Wong және Tianyao Lui осы ауқымды іс-шараға арнайы шақырылған шетелдік қонақтар болғанын атап өткен жөн.

48 сағат ішінде қарқынды жұмыс нәтижелері бойынша таңдалған 4 команда Хакатон жүлдегерлері болды. Үшінші орын мен 400 мың теңгелік жүлдені «Шай пакеті» және «Миѕе» командалары өзара бөлісті. «Миѕе» командасы қазылар алқасына BigData-мен жұмыс жасау идеясы үшін ұнады. «Шай пакеті» командасын банктің барлық жұмыс істеп тұрған клиенттерін тарту және оларды қосымша марапаттау идеясы үшін бағалады.

Екінші орынды «GoCode» командасы иеленіп, 600 мың теңгеге чек алды. Бұл команда филиалдардың бірінде банк клиенттерімен сөйлесуге уақыт бөлген жалғыз команда болды. Олар ҚТҚЖБ салымшыларын толғандыратын мәселелерді анықтады.

Бірінші орынды «Қарттар» командасы алды. Олар 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйақы алды. Бұл команда клиентті сәйкестендірудің бизнес-мәселесін шеше алды. «Қарттар» өздері банкке осы мәселені шешуге көмектесетін бағдарлама жазды.

Аталған іс-шараларға 500-ден астам қатысушы қатысты. Іс-шара мазмұнды пікірталаспен өтті, онда сарапшылар жоғары технологиялық стартаптарды дамытудың негізгі мәселелерін; жаһандық технологиялық трендтерді талқылады.


ПЕРСОНАЛДЫ ДАМЫТУ

КАДР САЯСАТЫ

2019 жылы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының 2020-2021 жылдарға арналған Бірыңғай кадрлық саясаты қабылданды, оның негізгі мақсаты тұрақты адами капиталды қалыптастыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Іске асырудың негізгі бағыттары:

  • Стратегиялық HR;

  • Өзгерістерді басқару;

  • Жұмыс берушінің бренді;

  • Корпоративтік мәдениет;

  • Ішкі коммуникациялар;

  • Автоматтандыру және талдау;

  • Күнделікті үдерістерді оңтайландыру.

Қоғамда бос басқарушылық және басшылық лауазымдарға орналасу үшін қалыптасатын кадрлық резерв жүйесі енгізілді. Қоғамдағы сабақтастықты жоспарлау болашақ перспективада қажетті дарындармен (әлеуеті жоғары қызметкерлермен) қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарудың барлық деңгейлерінде Қоғамда үздік қызметкерлер мен құзыреттерді сақтау мақсатында жүзеге асырылады. 2019 жылы Қоғам қызметкерлері Холдингтің кадрлық резервіне алынды, «Үздік – 20» санаттарында Қоғамның үш қызметкері және «Үздік – 50» санаттарында Қоғамның бір қызметкері есепке алынды.


ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

Қоғам қызметкерлерін оқыту және кәсіби дамыту жоспары аясында 2019 жылы 53 қызметкер оқытудан және біліктілігін арттырудан өтті. Оқыту өткізілген тақырыптар саны - 16.

Нәтижесінде Қоғам қызметкерлері жобаларды басқару, бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп және аудит, технологиялық консалтинг, сараптамалық-технологиялық сүйемелдеу және т б. салаларда қолда бар қосымша дағдылар мен құзыреттерді жетілдіріп, игере алды.


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЫНТАЛАНДЫРУ ЖӘНЕ КӨТЕРМЕЛЕУ

Қоғам қызметкерлерге сыйақы берудің тиімді жүйесін қолдауға ұмтылады. Қоғам қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына, еңбекке ақы төлеу және сыйлықақы беру жөніндегі ішкі құжаттарға сәйкес жүргізіледі. 2019 жылы Қоғам ішкі әділеттілік пен сыртқы бәсекеге қабілеттілік қағидаттарына негізделген еңбекақы төлеудің грейдтік жүйесі бойынша жұмысты жалғастырды. Грейд жүйесі еңбекақы төлеу деңгейін әрбір лауазымның құндылығымен байланыстыруға мүмкіндік берді. «QazTech Ventures» АҚ басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, қызметін бағалау және сыйақы беру қағидалары қайта қаралды.


ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ете отырып және қызметкерлердің жайлылығы мен өмір сүру сапасын арттыра отырып, Қоғам барлық қызметкерлердің атқаратын лауазымының деңгейіне қарамастан және еңбек жағдайларына қарамастан құқығы бар жеңілдіктер мен кепілдіктерді қамтитын сұранысқа ие әлеуметтік бағдарламаларды іске асырады. Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау бойынша Қоғамның қызметі «QazTech Ventures» АҚ жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларымен реттеледі.

Қоғам тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы жағдай жасау, ниеттестікті арттыру мақсатында Қоғам қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді: бала тууына/асырап алуына байланысты, некеге тұруына байланысты, қызметкердің, қызметкердің отбасы мүшелерінің қайтыс болуына байланысты, қызметкердің немесе оның отбасы мүшелері болып табылатын адамдардың емделуіне/отасына байланысты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде сауықтыру үшін материалдық көмек көрсетеді.

Сондай-ақ Қоғам қызметкерлер мен отбасы мүшелеріне ерікті медициналық сақтандыруға тіркелу мүмкіндігін ұсынады.


КОРПОРАТИВТІК ДАМУ

Қоғамда мыалардың есебінен корпоративтік табысты даму мәселесіне, оның ішінде қызметкерлердің қанағаттану дәрежесін ұлғайтуға ерекше мән беріледі:

  • басқару менеджментін жақсарту: түсінікті, нақты, орындалатын мақсаттар мен міндеттер, жұмыс нәтижелерін объективті бағалау;

  • қызметкерлерді ынталандыру жүйесін жетілдіру;

  • ұжымда достық ахуалды сақтау;

  • корпоративтік мәдениетті дамыту, жұмыс жағдайын жақсарту (кеңсе ішіндегі жайлы жағдай, жұмыс орнының техникалық жабдықталуы, ыңғайлы жұмыс кестесі, қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігі мәселелері).

Қоғамның кадр саясатының негізгі көрсеткіштерінің бірі сауалнама және онлайн-сауалнама нәтижелері бойынша есептелетін қызметкерлерді тарту индексі болып табылады. 2019 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша персоналды тарту индексі 75%-ды құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 9%-ға жоғары.


ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ:

  • «QazTech Ventures» АҚ тобы бойынша орташа тізімдік саны - 78 адам, оның ішінде әйелдер - 42;
  • «QazTech Ventures» АҚ орташа тізімдік саны - 57 бірлік;
  • «QazTech Ventures» АҚ-дағы гендерлік бөлу

  • «QazTech Ventures» АҚ еншілес ұйымдары қызметкерлерінің орташа жасы – 38 жас, оның ішінде әйелдер – 39 жас;
  • «QazTech Ventures» АҚ қызметкерлерінің орташа жасы – 36 жас, оның ішінде әйелдер – 36 жас.

31.12.2019 жылға «Qaz Tech Ventures» АҚ жас ерекшеліктері

«QazTech Ventures» АҚ жоғары буын басшыларының үлесі қызметкерлердің жалпы санынан 7%-ды, орта буын басшыларынан - 19%-ды құрады.

2019 жылы Қоғамда кадрлардың тұрақтамауы 56%-ды құрады. Кадрлардың жоғары тұрақтамауы 2019 жылдың 1 тоқсанында компанияның «ТДҰА» АҚ-мен «QazTech Ventures» АҚ-да қайта ұйымдастырылуына байланысты болды, осы кезеңде бұл көрсеткіш 36%-ды құрады.


ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ

Қоғам өзінің еңбек ресурстарын жоғары бағалайды. Осыған байланысты Қоғам өз қызметкерлері үшін қолайлы, салауатты және қауіпсіз жұмыс ортасын құруға үнемі ұмтылады. Сондай-ақ өндірістік жарақаттану мен аурулардың алдын алу, жұмыс орындарындағы қауіптер мен қатерлерді алдын ала анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды. Қоғам еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттар мен нормативтік актілердің талаптарын басшылыққа алады.

Осыған байланысты Қоғам мынадай қағидаттарды ұстанады:

  • өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығын тану;
  • әрбір адам ең қауіпсіз жағдайларда жұмыс істеуге құқылы;
  • қауіпсіздік саласындағы міндеттерді шешуде қоғамдық ұйымдармен, мемлекеттік органдармен және қызметкерлермен тығыз байланыста болу.

Қоғам бөлімшелерінің барлық қызметкерлері еңбекті қорғауға, қауіпсіздік техникасына байланысты талаптарды түсінеді және орындауға жауапты болады.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы саласындағы саясаттың міндеттері:

  • қызметте/өндірісте жазатайым оқиғаларды болдырмау;
  • қызметкерлердің денсаулығына ұқыпты қарау.

Негізге алынатын қағидаттар:

  • Қоғам басшылығының еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау деңгейін арттыру мақсаттарына бұлжымас берілгендік;
  • Қоғамның жауапкершілігі және қауіпсіз жұмыс жүргізуді қамтамасыз етуі, Қоғамның барлық қызметкерлерінің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалар мен талаптарды білу және сақтау қажеттілігін түсінуі, сондай-ақ олардың өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігі;
  • әр қызметкердің денсаулығына қамқорлық жасау;
  • жаңа жұмыстарды немесе операцияларды орындау алдында Қоғамның барлық қызметкерлерін тиісінше оқыту немесе қайта даярлау;
  • қоршаған ортаны қолда бар барлық құралдармен және әдістермен қорғау;
  • Қоғамның корпоративтік мәдениетінің ажырамас бөлігі ретінде қызметкерлер арасында еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша Қоғамның саясатын дамыту және жетілдіру.

Қоғам қызметіндегі негізгі басымдықтар:

  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы ережелерінің талаптарын барынша сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға қатысу;
  • Қоғам қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
  • мамандандырылған күзет құралдарын, өрт қауіпсіздігін, байланыс құралдарын, автокөлік және т.б. пайдалану кезінде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтау;
  • Қоғам Басқармасының шешімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тапсырмасы бойынша өткізілетін іс-шараларды, еңбекті қорғауды, қауіпсіздік техникасын және қоршаған ортаны қорғауды жақсартуға байланысты бағдарламаларға қатысу.

Тиімділіктің негізгі сандық көрсеткіштері:

  • жұмыстарды жүргізуге тыйым салынатын бұзушылықтарға және бірінші кезекте аса қауіпті бұзушылықтарға жол бермеу;
  • жарақаттану көрсеткіштерінің төмендеуі;
  • жарақаттану қаупі ахуалының туындау қаупінің (қатерінің) көрсеткішін төмендету;
  • материалдар мен энергияны тұтынуды азайту.


ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ

Өз қызметінің сипатына қарай Қоғам қоршаған ортаға тікелей елеулі әсер етпейді. Қоғам тұтынатын негізгі ресурстар - электр энергиясы, жылу энергиясы және су.

Қоғам қоршаған ортаға қолайсыз әсердің алдын алуды ең жақсы түрде қамтамасыз ететін ресурстарды ұтымды пайдаланудың қағидаттары мен әдістерін қолданады.

Қоғам өз қызметінде ресурстарды артық тұтынуды қысқартуға және энергия тиімді технологияларды енгізу, су тұтынуды азайту, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу және екіжақты басып шығару практикасы есебінен кеңсе мұқтаждары үшін қағаздың жұмсалуын азайту арқылы қолданыстағы теріс экологиялық әсерді азайтуға ұмтылады.

Қоғам «жасыл кеңсе» тұжырымдамасын енгізу мүмкіндігін қарастыруда, оның маңызды құрамдас бөлігі қызметкерлердің экологиялық сана деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық науқан болып табылады.


Политика в области устойчивого развития акционерного общества «QazTech Ventures»
  • Өлшемі: 253.7 КБ
ПЛАН МЕРОПРИЯТИЙ по реализации Политики в области устойчивого развития акционерного общества «QazTech Ventures»
  • Өлшемі: 273 КБ
Карта стейкхолдеров акционерного общества «QazTech Ventures»
  • Өлшемі: 291 КБ