Бағдарламаның мақсаты - бизнес-инкубаторлардың құзыреттерін күшейту және ірі технологиялық компанияларға айнала алатын сапалы стартаптардың өсуіне жағдай жасау болып табылады.

Бизнес-инкубаторлардың қызметін қолдау бағдарламасы

Конкурстық іріктеуге өтінімдер қабылдау 2018 жылдың 14 маусымынан 3 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Бизнес-инкубациялау3

Мақсат

Бизнес-инкубация экожүйесін дамыту, технологиялық кәсіпкерлікті қолдау.

Үміткерлерге

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды жүктей аласыз:

Толық таныстырылым Қатысу үшін құжаттар
Өтінім беруші
Өтінім беруші - Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және бизнес-инкубаторлардың байқаулық іріктеуге қатысуға үміткер заңды тұлға. Бизнес-инкубатор - бұл өндірістік нысандарды, жабдықтарды, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, консалтингтік және ақпараттық қызметтерді көрсету арқылы шағын бизнес субъектілерін қалыптастыру кезеңінде қолдау көрсету үшін құрылған заңды тұлға.
Негізгі талаптар

Бизнес-инкубаторлар келесі талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді:

  1. бизнес-инкубатордың трезиденттерін 250 шаршы метрден кем емес орналастыруға арналған әкімшілік үй-жайлардың болуы;
  2. білікті кадрлардың болуы;
  3. мемлекеттік қолдаусыз кемінде алты ай толық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қаржылық ауқаттылығы;
  4. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарымен серіктестік қарым-қатынастардың болуы, стартаптарды қолдау және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келісімдермен расталған.
Шарттары

Бизнес-инкубаторлардың қызметін қаржыландыру бизнес-инкубаторлардың өздерінің немесе бизнес-инкубаторлардың құрылтайшылары / иелерінің операцилық қызметі есебінен жүзеге асырылады. Сонымен бірге, бизнес-инкубаторлар Шартты жасаған күннен бастап 12 айдың ішінде 50% дейін, бірақ 35 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды алады.

Әрбiр жұмсалған шығыстар бабы бойынша бiрлесiп қаржыландыру сомасы 50% аспайды:

  1. жалақы қоры;
  2. әкімшілік ғимараттарды жалға алу;
  3. коммуникациялар, оның ішінде байланыс қызметтері (Интернет, телефония, пошта);
  4. Индустриялық-инновациялық жобаларды іріктеуді және сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қатысатын үшінші тұлғалардың қызметтері, оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, іскерлік инкубаторларға және олардың резиденттеріне іскерлік құзыреттерді дамыту бойынша тағылымдама өту және тиісті шығыстар (тасымалдау мен жол жүру шығыстарын қоса).
Бизнес-инкубатордың міндеттері

Бизнес-инкубаторлар мынадай міндеттерді орындайды:

01.

Бизнес-инкубациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

02.

Бизнес-инкубатордың қызметін одан әрі сүйемелдеу үшін жобаларды іздеу және іріктеу

03.

Бизнес-инкубатордың ықтимал резиденттерімен бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсыну туралы келісім және / немесе шарт жасасу

04.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін әкімшілік, кеңес беру және әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз ету

05.

Бизнес-инкубатор резидентеріне қаржыландыру алуға өтінімдерін қалыптастыруға көмек көрсету, оның ішінде мемлекеттік қолдау құралдары арқылы

06.

Бизнес-инкубатордың резиденттері үшін ақпараттық-сараптамалық ресурстарға қол жетімділікті қамтамасыз ету

07.

Оқу семинарларын ұйымдастыру, соның ішінде табысты компанияларда тағылымдама, түрлі тақырыптардағы тренингтер, тәжірибе алмасу үшін форумдар

08.

Мамандарды іздестіруге көмектесу және шағын бизнес субьекті үшін команда құру

09.

Әкімшілік және / немесе өндірістік үй-жайларды жалдау қызметтерін ұсыну

10.

Бизнес-инкубаторында кіші кәсіпкерлік субьектілерін дамыту бойынша ақпараттық-талдамалық дерекқорын қалыптастыру

11.

Тауарлар мен қызметтерін әлеуетті нарықтарға шығару үшін бизнес-инкубаторлардың резиденттерінің бизнес-жобаларын жеделдету

12.

Шағын бизнес субъектілерінің коммерциялық тартымдылығын анықтау үшін бизнес-жобаларды диагностикалау және қаржылық моделдеу

Бизнес-инкубаторлар үшін бағдарламалар артықшылықтары

Қолдау шаралары

Конкурс

Байқау өткізу барысы:

1

Өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру (2018 жылдың 14 маусымынан 3 шілдеге дейін)

2

Өтінімді тапсыру

3

Өтінімді қарастыру (10 жұмыс күні ішінде)

4

Комиссия (шетелдік сарапшылардан, мемлекеттік органдардың өкілдерінен, кәсіпкерлерден) шешім қабылдайды

5

Келісім жасасу

6

Бизнес-инкубатор KPI қол жеткізу бойынша мониторингі

Ағымдағы жағдай

"QazTech Ventures" АҚ

"QazTech Ventures" АҚ венчурлық қаржыландыру, бизнес инкубациялау және технологиялық консалтинг құралдары арқылы технология кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрылған. «QazTech Ventures» АҚ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі »АҚ құрамына кіреді

TOP