Қоғамның Басқармасы

Басқарма төрағасы

Жандос Шаймарданов

Басқарма төрағасы

Шаймарданов Жандос «Болашақ» бағдарламасының түлегі, 2009 жылы Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Оқуды аяқтағаннан кейін еңбек жолын ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы болып бастады.

2010-2013 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның экономика және жоспарлау департаментінің менеджері болып жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі.

2014-2016 жылдары - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2016 жылдың қазан айынан бастап Жандос Шаймарданов департамент директоры, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарушы директоры.