Инвестициялық жобалардың қаржы-техникалық консалтингі

ИНВЕСТИЦИЯ ҚАРАЖАТЫНЫҢ МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ҚАЖЕТ ПЕ?

«QAZTECH VENTURES» АҚ құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдерінде қаржылық-техникалық бақылауды жүзеге асырады. Жобалау командасы инвестициялық қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау туралы ақпаратты және құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарының орындалу сапасы туралы ақпаратты көрсететін аралық және қорытынды есептер жасайды.

БҰЛ ҚЫЗМЕТ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Қаржылық-техникалық бақылау қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды көздейтін қаржылық бақылауға бағытталған іс-шаралар кешенін білдіреді:

  • Жобаны іске асыруға арналған шығындарды талдау;
  • Қарыз қаражатын игеру үшін ұсынылған құжаттарды сараптау;
  • Орындалған жұмыстардың жоспарлы және нақты көлемінің сәйкестігін тексеру;
  • Жоба бойынша ауытқуларды талдау;
  • Жоба құнының өсуіне байланысты негізгі тәуекелдерді бағалау

Көшпелі және камералдық мониторингті жүзеге асыру жолымен ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыстардың орындалу сапасын бақылауды көздейтін техникалық бақылау:

  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын талдау және құжаттаманы жүргізу;
  • Жобаны іске асыру үшін жиынтықтылығы мен жеткіліктілігіне бастапқы-рұқсат беру, жобалау-сметалық және атқарушылық құжаттаманы талдау;
  • Кемшіліктер мен ақауларды жоюды бақылау;
  • Көшпелі мониторинг;
  • Жобаны іске асыру кестесі жоспарының орындалуын талдау және бақылау.

НӘТИЖЕ:

Қаржылық-техникалық бақылау бойынша қызметтер көрсету нәтижесі жобаны іске асырудың ағымдағы кезеңі туралы толық ақпараты бар, жобаны іске асыру барысында ұсынылған құжаттардың көшірмелерін және олардың негізделген тұжырымдармен талдауын растайтын инвесторға ұсынылатын қорытынды есеп, фото материалдар болады.

Сұрақтар қалды ма?
Бізге хабарласыңыз

БІЗДІҢ
КОМПАНИЯНЫҢ
АРТЫҚШЫЛЫҒЫ

ЖЕКЕ КӨЗҚАРАС

Өз клиенттеріміздің мақсаттарына назар аудара отырып, біз әрқайсысының міндеттерін дербес шешеміз және икемді баға белгілеуді ұсынамыз.

АШЫҚТЫҚ

Ұлттық даму институты және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы бола отырып, біз өндіретін барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз етеміз. Біздің жұмысымыздың барлық кезеңдері туралы ақпарат орындалатын жұмыстардың сипатына қарамастан, клиенттерге қолжетімді болады.

КӨП САЛАЛЫҚ

Ауқымды сарапшылық база үздік мамандармен ынтымақтасуға мүмкіндік береді, бұл клиенттердің міндеттерін шешуге кешенді көзқарасты қамтамасыз етуге жол ашады

СЕНІМДІЛІК

Біздің ақпаратты қорғау жүйеміз және біздің қызметтерді реттейтін құжаттардың толық пакеті – ақпараттық қауіпсіздік пен деректердің сақталуының кепілі

АККРЕДИТТЕУ

Қоғам «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның техникалық пысықталуын және инвестициялық жобаларды сатып алуларды тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесіне кіреді

БІЗДІҢ МАМАНДАР

12+

ШТАТТАҒЫ САРАПШЫ-ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

400+

САЛАЛАР БОЙЫНША СЫРТҚЫ САРАПШЫЛАР
ДҮЙСЕМБАЕВ МЕДЕТ
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
  • Сервистік-технологиялық консалтинг бағытын басқарады
  • University of Warwick халықаралық технологиялық менеджмент магистрі
  • Мұнай-газ және басқа да салалардағы инвестициялық жобаларды басқаруда мол тәжірибесі бар
  • Халықаралық сарапшы және БҰҰ ЕЭК-тегі бәсекеге қабілеттілік, инновациялар және МЖӘ комитетінің вице-төрағасы
ШАХИНА ЖАНАР
ИННОВАЦИЯЛЫҚ СЕРВИСТЕРДІ ДАМЫТУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
  • Технологиялық консалтинг бағытына жетекшілік етеді
  • Инвестициялық жобаларға тәуелсіз бағалау және қаржылық-техникалық бақылау, инновациялық жобаларға сараптама жүргізу және оларды сүйемелдеу тәжірибесі

8-7172-57-10-14 (ішкі 404)
ИХДАНОВ ДӘУРЕН
БАС САРАПШЫ
  • Инвестициялық жобаларды бағалау бойынша бағытқа жетекшілік етеді
  • Инвестициялық жобаларды тәуелсіз бағалау және қаржылық-техникалық бақылау тәжірибесі, сондай-ақ өндірістік көрсеткіштер есептерін факторлық талдау, трансферді ұйымдастыру тәжірибесі

8-7172-57-10-14 (ішкі 258)
ҚАСЫМОВА АЛТЫНАЙ
БАС САРАПШЫ
  • Цифрлық трансформация бойынша бағытқа жетекшілік етеді
  • IT инфрақұрылымын ұйымдастыру және басқару, жаңа технологияларды енгізу тәжірибесі бар

8-7172-57-10-14 (ішкі 445)
Николай Логунов
САРАПШЫ
  • Энергетикалық инфрақұрылым мен құрылыс объектілерін бағалау саласындағы сарапшы
  • Құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру және инжинирингтік қызметтер көрсету тәжірибесі бар

8-7172-57-10-14 (ішкі 296)
МҰХАМЕДЖАНОВ ІЛИЯС
САРАПШЫ
  • Машина жасау, металлургия саласындағы сарапшы
  • Машина жасау саласындағы, сондай-ақ алюминий өндіру саласындағы жұмыс тәжірибесі

8-7172-57-10-14
КЕНЖЕГАРИНОВА ШЫНАР
САРАПШЫ
  • Сондай-ақ технологиялық турларды ұйымдастыру бойынша бағытқа жетекшілік етеді
  • Корпоративтік және шарттық құқықтағы жұмыс тәжірибесі. Жобаларға құқықтық сараптама жүргізу

8-7172-57-10-14 (ішкі 441)
АЛТЫНБАЕВ ҚАЙРАТ
ТАЛДАУШЫ
  • IT сарапшы
  • IT инфрақұрылымын ұйымдастыру және басқару тәжірибесі

8-7172-57-10-14 (ішкі 283)

Хотите стать
нашим внешним
экспертом?

ПРИВЛЕЧЕНИЕ НЕЗАВИСИМЫХ ЭКСПЕРТОВ ДЛЯ ОКАЗАНИЯ УСЛУГ ПО НЕЗАВИСИМОЙ ТЕХНИЧЕСКОЙ ОЦЕНКИ ИНВЕСТ.ПРОЕКТОВ

В настоящее время QazTech Ventures в рамках оказания услуг по независимой технической оценке инвестиционных проектов на постоянной основе пополняет базу внешних экспертов. Для включения в базу внешних экспертов можно подать заявку.

КАКИЕ ДОКУМЕНТЫ НУЖНЫ?

  • Сведения об образовании (сканированные копии диплома об образовании, присвоении ученой степени, сертификаты и т.д.)

  • Резюме с указанием опыта работы, оказания экспертных услуг.

Аккредиттеу

«QazTech Ventures» АҚ техникалық пысықталуды және ҚДБ инвестициялық жобаларын сатып алуларды тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың тізбесіне кіреді.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ шешіміне сәйкес «QazTech Ventures» АҚ «Қазақтелеком» АҚ-ның «ТОБЖ технологиясы бойынша АЕМ HR КЖҚ төсеу» жобасы бойынша қаржылық техникалық кеңесші ретінде анықталды.