QazTech Ventures қазақстандық стартапқа шетелдік қорлардан $750 мың көлемінде инвестиция тартуға көмектесті


QazTech Ventures қазақстандық стартапқа шетелдік қорлардан $750 мың көлемінде инвестиция тартуға көмектесті

Қазақстандық Clockster стартапы Quest Ventures сингапурлық қорынан 750 000 АҚШ долларын тартты, оның зәкірлі инвесторлары «QazTech Ventures» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы) және Pavilion Capital –  Temasek Holdings еншілес компаниясы, ресейлік HR & ED-Tech Accelerator және сериялық періште-инвестор Талғат Исмаил болып табылады.

Clockster шағын және орта бизнеске арналған, қарапайым және ыңғайлы персоналды басқару құралын ұсынады. Компанияларға жалақы есебін, жұмыс уақытын есептеу табелін, қызметкерлер кестесін жеңілдету және басқаруды автоматтандыруға, қызметкерлер арасындағы өзара және басшылықпен қарым-қатынасты географиялық орналасуына және уақыт белдеулеріне қарамастан айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе. Clockster пайдалану нәтижесінде ШОБ өкілдері арасында тиімсіз артық төлемдердің төмендеуіне және жоғалған пайданы 15% - ға дейін қайтарылуына әкеледі, ал қызметкерлердің жалпы еңбек өнімділігі 20% - ға артады. Clockster жұмыс тәртібін нығайтады, HR менеджерлерінің кестені басқару уақытын қысқартады және компания ішіндегі құжат айналымы мен коммуникацияларды ретке келтіреді. Қазіргі уақытта стартаптың 160-қа жуық клиенттері бар, олардың 85% - ы Қазақстан аумағында орналасқан, қалғандары Ресей, Украина, Өзбекстан, Филиппин және Сингапур елдерінен.

 «QazTech Ventures» арқасында біз өз жобамызды Quest Ventures Asia Fund II сарапшыларына, сондай-ақ HR & ED-Tech акселераторына ұсынып, 750 000 АҚШ доллары көлемінде венчурлық инвестициялар ала алдық. Инвестицияны Оңтүстік-Шығыс Азия мен ТМД елдеріне одан әрі кеңейтуге, жаңа қызметкерлер тартуға және маркетингке бағыттауды жоспарлап отырмыз. Мұндай қолдау отандық стартаптарға, әсіресе жаһандық нарықтарға шығу өте қиын пандемия кезеңінде аса қажет деп санаймын», - деп атап өтті Сlockster стартапының негізін қалаушы Ержан Рысқалиев.

QazTech Ventures хабарлағандай, Сингапурлық Quest Ventures қорымен ынтымақтастық 2020 жылғы наурызда, 50 млн. АҚШ долларын капиталдандырумен бірлескен қор құру туралы келісімге қол қойылғаннан кейін басталды. Келісім шарттарына сәйкес, Қор алдағы бес жылда Қазақстан мен Орталық Азияның перспективалы стартап-жобаларын қарап, қаржыландырады.

Clockster үшін бұл инвестициялық айналым екінші болып табылады. 2018 жылдың күзінде ABC-I2BF Seed Fund қазақстандық венчурлық қорынан және Paladigm Capital сингапурлық қорының негізін қалаушы әрі директоры болып табылатын бизнес-періште Олжас Жиенқұловтан 340,000 АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды.

«Clockster жобасы, Astana Hub резиденті - мемлекет пен бизнес арасындағы  серіктестіктің жемісті нәтижесінің мысалы. Бұл - «QazTech Ventures» АҚ сингапурлық серіктестермен бірлесіп құрған қор қызметі аясындағы алғашқы ірі мәміле. Ол, жұмыс істеп тұрған венчурлық индустриямен толыққанды экожүйені құруға серпін береді деп үміттенемін, бұл, өз кезегінде, бәсекеге қабілетті стартап қауымдастығын құруға мүмкіндік береді. Біздің қолдауымыз және шетелдік нарықтармен серіктестік шекараларды кеңейтуге белсенді қатысуымыз болашақта осындай жобаларды ауқымды етуге мүмкіндік береді. Команда Оңтүстік-шығыс нарығына шығады және мен олардың жетістікке жететініне сенімдімін!» – деп түсініктеме берді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Соңғы жылы QazTech Ventures қазақстандық стартап-жобаларды қаржыландыру үшін Quest Ventures және 500 Startups тәрізді ірі шетелдік венчурлік қорлармен 2 келісім жасасты.

«Сонымен қатар, биыл сингапурлық Quest Ventures венчурлық қорымен серіктестікте Kazakhstan Digital Accelerator бірлескен акселерациялық бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның бірінші легі 2020 жылдың қараша айында сәтті аяқталды. Бағдарлама аясында 10 финалға шыққан компанияның әрқайсысы 50 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция алды, сондай-ақ өз жобасын халықаралық деңгейдегі инвесторларға таныстыру мүмкіндігіе ие болды. Қазір KDA бағдарламасының екінші легіне қатысуға өтінімдер қабылдануда, ол осы жылдың соңына дейін жалғасады, сондықтан тілек білдірушілер qaztech.vc сайтында өтінім қалдыра алады.

Clockster компаниясына келетін болсақ, мен командаға одан әрі табыстар тілеймін және жақын арада олар жергілікті компаниядан толыққанды «біртұтас» компанияға (1 миллиард АҚШ долларынан астам нарықтық бағалау алған стартап) айналады деп үміттенемін», - деп Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Диас Бексолтан пікірін білдірді.