Сатып алу

Құрметті әлеуетті өнім берушілер!

Осы арқылы «QazTech Ventures» АҚ тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларды Еуразиялық электрондық сатып алулар порталында жүргізетінін хабарлаймыз: https://eep.mitwork.kz/

Мүдделі әлеуетті өнім берушілер сатып алулар порталына тіркеліп, өткізілетін сатып алуларға қатыса алады.

Сатып алуларды өткізу ережелерін бұзуға тап болған әлеуетті өнім берушілер тапсырыс берушінің іс-әрекетіне немесе әрекетсіздігіне, шешімдеріне Сатып алуларды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметке (САБОҚ) «Мемлекеттік мүлік» туралы Заңның 186-4-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасауға құқылы. Шағымды белгіленген мерзімде берген кезде, сатып алулар туралы шарт жасасуды САБОҚ шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұратынын атап өту қажет. Шағымда көрсетілген фактілер расталған кезде САБОҚ Заңмен белгіленген тиісті шараларды, тіпті сатып алулар қорытындыларын жоюға дейін қабылдайды.

Сұрақтар болған жағдайда +7 (7172) 57 10 14 (і.н. 253/265) телефоны бойынша хабарласуға болады.